Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Сербия сауда ынтымақтастығын әртараптандыруға ниетті

Қазақстан мен Сербия сауда ынтымақтастығын әртараптандыруға ниетті
Фото: primeminister.kz

Астана халықаралық форумы шеңберінде Премьер-министр орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сербияның ішкі және сыртқы сауда министрі Ягода Лазаревичпен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде тараптар екі мемлекеттің көшбасшылары деңгейінде қалыптасқан екіжақты тұрақты ынтымақтастық серпінін атап өтті. Серік Жұманғарин Қазақстан Сербияны Орталық Еуропадағы маңызды сауда әріптесі ретінде таниды. Сауда-экономикалық байланыстарға ерекше назар аударылып отыр: 2024 жылғы қорытынды бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 9,7%-ға артып, 1$00 млн-ға жетті. Бұл ретте қазақстандық экспорт 39,4%-ға өсті. 2025 жылғы қаңтар–наурыздағы өзара сауданың өсуі 30%.

Қазақстан полипропилен, минералдық тыңайтқыш пен кондитерлік өнім сияқты Сербияға экспортталатын тауарлар желісін кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Кездесуге қатысушылар Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңестің әлеуетін іске қосудың, сондай-ақ негізгі екіжақты жобаларды іске асырудың, атап айтқанда Астана мен Белград арасында тікелей әуе қатынасын орнатудың маңыздылығын атап өтті. SCAT қазақстандық авиакомпаниясы маршрутты пысықтауға кірісіп те кетті. Қазақстан Сербия тарапынан, соның ішінде әуе тасымалындағы бесінші еркіндік құқығын беру мүмкіндігін де қамтитын қолдауға сенеді.

Қазақстандық тарап сербиялық компанияларды инвестициялық жобаларға, оның ішінде агроөңдеу мен фармацевтика саласына белсене қатысуға шақырып, серб индустриясының жоғары экспорттық әлеуетін атап көрсетті.

Бір күн бұрын АХФ алаңында Серік Жұманғарин Хорватияның экономика министрі Анте Шушнярмен кездескен еді. Тараптар, әсіресе, энергетика саласындағы екіжақты қатынастарды, экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды талқылады. Екі жақ, сондай-ақ, инфрақұрылымдық жобалар, IT-сектор, ауыл шаруашылығы мен фармацевтика өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендерін білдірді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі