Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Сербияға шикізаттық емес тауарларды жеткізуді $500 млн-ға арттыруға дайын

Қазақстан Сербияға шикізаттық емес тауарларды жеткізуді $500 млн-ға арттыруға дайын
Фото: primeminister.kz

Ынтымақтастықтың перспективалары мен жаңа бағыттары Белградта (Сербия), сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-сербия үкіметаралық комиссиясының III отырысында талқыланды. Қазақстандық тарапты Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин басқарды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сербия Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы маңызды сауда серіктесі болып табылады.

«Бізде сауда ынтымақтастығының үлкен әлеуеті бар. Біз Сербияға $500 млн-нан астам сомаға шикізаттық емес тауарлардың 90-нан астам түрін жеткізуді ұсынуға дайынбыз. Бұл металлургия, мұнай-химия, тамақ, химия, машина жасау салаларының өнімдері, көлік құралдары, құрылыс тауарлары. Бұл үшін бізде барлық өндірістік және көліктік-логистикалық мүмкіндіктер бар», — деді Серік Жұманғарин отырысқа қатысушыларға.

Өз тарапынан Сербия Премьер-Министрінің орынбасары – ішкі істер министрі Ивица Дачич елдер арасындағы сауда-экономикалық әріптестікті тереңдетуге мүдделілік білдіріп, үкіметаралық комиссияның III отырысы жаңа бірлескен жобаларды құруға елеулі қадам болатынын атап өтті.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Қазақстан Сербияға бұршақ, пияз, қарақұмық, жарма және бидай экспортын ұлғайтуға дайын екенін атап өтті. Мал шаруашылығы саласында балық және балық өнімдерін, бал, құс еті, жылқы еті, сиыр еті және сүт өнімдерін жеткізу мүмкіндіктерінен бөлек, Қазақстан шошқа етiн жеткізуді қарастыруы мүмкін. Сонымен қатар елімізде жаңа сүт-тауар фермаларының құрылысын ескере отырып, Қазақстан Сербиядан асыл тұқымды сиырлар мен асыл тұқымды материалдарды импорттауға мүдделі.

Отырыс күн тәртібіндегі маңызды мәселе көлік саласы болды. Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары атап өткендей, Қазақстан мен Сербия арасындағы қолданыстағы құқықтық база елдеріміз арасында аптасына 14 жолаушы рейсін орындауға мүмкіндік береді.

«Қазақстан әуежайларында «ашық аспан» режимі жұмыс істейді. Біздің елдеріміз арасында тікелей рейстердің ашылуы Сербияның Еуропаға көлік хабы болуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ біз Қазақстан мен Қытайдан Сербияға және одан әрі Еуропа елдеріне жүк тасымалы үшін транзитті дамытуға мүдделіміз. Осы мақсатта Транскаспий халықаралық көлік маршрутының мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынамыз», — деді Серік Жұманғарин. 

Сербияда EXPO-2027 көрмесін өткізу қарсаңында үкіметаралық комиссияның отырысында Халықаралық көрмелер бюросы тарихтағы ең табысты мамандандырылған көрме ретінде танылған EXPO-2017 көрмесін өткізудің қазақстандық тәжірибесі таныстырылды. Сонымен қатар тараптар жұмыспен қамту, ғылым, білім, туризм, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Анықтама: 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Сербиямен тауар айналымы $91,2 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,3%-ға жоғары ($74,8 млн). Экспорт 38,7%-ға өсті. Жалпы тауар айналымында Қазақстан мен Сербия арасындағы ауыл шаруашылығы өнімі саудасының үлесі шамамен 2 2,7 млн құрады. Импорттың негізгі көлемі – жүгері, күнбағыс тұқымдары, тірі өсімдіктер. Экспорттың негізгі көлемі - қарақұмық, тары және басқа да дәнді дақылдар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді