Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қырғызстан вице-премьерлері AIF 2025 алаңында өзара ынтымақтастық мәселесін талқылады

Қырғызстан вице-премьерлері AIF 2025 алаңында өзара ынтымақтастық мәселесін талқылады
Фото: primeminister.kz

Астана халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Данияр Амангелдиевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серік Жұманғарин Қазақстан мен Қырғызстанның тек тату көрші ғана емес, сенімді одақтас екенін, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қазақ-қырғыз қарым-қатынасын нығайтуға ерекше көңіл бөліп отырғанын баса айтты.

Бүгінде екі ел алдында жылдық тауар айналымын $3 млрд-қа жеткізу міндеті тұр. Тараптар 2025 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі қарқынды түрде өсіп отырғанын атап өтті. Алғашқы үш айда Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 25,2%-ға артып, $435,1 млн-ға жеткен (экспорт – $341,9 млн, импорт – $93,3 млн). Тауар айналымын мақсатты $3 млрд-қа жеткізу үшін тауар түрлерін кеңейту және B2B байланысын тиімді жандандыру шарасы қажет. Кездесуге қатысушылар өзара сауда көлемін арттыру жөніндегі жол картасы жобасының тетіктерін талқылады. Серік Жұманғарин Қазақстан мұнайхимиясы, тамақ өнеркәсібі, металлургия мен басқа да саланың өнімін қоса алғанда, 195 тауар позициясы бойынша экспортты $260 млн-нан астам сомаға арттыруға дайын екенін атап өтті.

Ауыл шаруашылығына ерекше назар аударылады. Екі елдің өзара саудасындағы бұл саланың үлесі 20%-ды құрайды. Аталған сала белсенді өсу үстінде: биыл 1 тоқсанда АӨК өнімінің тауар айналымы 40,7%-ға артқан. Қазақстан 2025 жылғы бірінші тоқсандағы 3,4 мың тонна астық пен 10,9 мың тонна ұнды қосқанда, дәнді және майлы дақыл экспортын ұлғайтуға ниетті. Серік Жұманғарин Астанада өткен ресми кездесуде қырғыз тарапының сәуірде Қазақстанға өзінің ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау үшін жасыл дәліз құру туралы ұсынысы оң шешілгенін атап өтті. Қазақстан шекарада қырғыздың ерте пісетін көкөнісі мен жемісін кедергісіз өткізуге дайын.  Екіжақты ынтымақтастықтың негізгі жобасы – «Қарасу»–«Ақ-тілек» бақылау-өткізу пункті шекарасында Индустриялық сауда-логистикалық кешен (ИСЛК) құру болып отыр. Бүгінде екі тарап та индустриялық сауда-логистикалық кешені (Қазақстан – 50 га, Қырғызстан – 40 га) құрылысына жер телімін бөліп, инвесторды анықтады. Бас жоспар мен техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Қазақстанда «Romsey Holdings KZ» ЖШС басқаратын «Алатау» ИСЛК» индустриялық аймағы құрылды. Ықтимал инвестиция – 2,2 млн. Бұл жоба ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, халық тұтынатын тауарлар мен құрылыс материалын жасау, сервистік қызмет пен көлік логистикасы бойынша өндірістік тұтас кешен құруға мүмкіндік береді. 

2025 жылы Ош мемлекеттік университетінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филиалы ашылады. Бұл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Бішкек филиалының табысты тәжірибесінің жалғасы. Онда 2022 жылдан бастап 800-ден астам студент оқуда. Қазақстанның жоғары оқу орындарында 556 қырғыз студенті, 200-ге жуық қазақстандық Қырғызстанда оқиды. Жаңа филиалдың ашылуы екі ел арасындағы академиялық ұтқырлық пен тәжірибе алмасуды нығайтпақ. Сондай-ақ кездесуде тараптар транзиттік-көлік әлеуетін дамытиу мүмкіндіктерін, әсіресе, Алматы – Ыстықкөл автожолы құрылысы жобасын, су ресурсы мәселелері, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бойынша өзара іс қимылды дамыту мәселесін талқылады.

Кездесу соңында вице-премьерлер екі елдің экономикалық әлеуетін нығайту үшін сауда, логистика, көлік, білім беру мен басқа да саладағы басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі