Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте Қазақстан нарығына қырғыз жеміс-көкөнісін ерте жеткізу және тауар айналымын ұлғайту мәселелері талқыланды

Үкіметте Қазақстан нарығына қырғыз жеміс-көкөнісін ерте жеткізу және тауар айналымын ұлғайту мәселелері талқыланды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрі Бақыт Торобаевпен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың оң динамикасын атап өтті. Атап айтқанда, өткен жылғы қорытынды бойынша өзара сауда көрсеткіші $1,7 млрд құраған.

Серік Жұманғарин экономикалық ынтымақтастық әлеуетін едәуір арттыру үшін бірқатар тиімді қадам жасауды ұсынды. Ең алдымен, жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын кеңейту қажет.

«Біз қазақстандық өнім экспортын 195 позиция бойынша $260 млн-нан астам сомаға арттыруға дайынбыз», — деді вице-премьер.

Сондай-ақ ол бизнес-форумдар мен өзара сауда миссияларын өткізуде өзара сауданы арттырудың маңызды рөлін атап өтті.

Қатысушылар ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты жандандыруды талқылады. Атап айтқанда, Қырғызстанның ерте жеміс-көкөніс өнімін Қазақстан нарығына жеткізу. Қазақстандық тарап дәнді және майлы дақыл экспортын арттыруды ұсынды. Сонымен қатар қатысушылар теміржол тасымалы рәсімдерін жеңілдету мүмкіндігі мен бірлескен ынтымақтастықтың басқа да мәселелерін талқылады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты