Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 5 мыңнан астам оқушы мен студент жазда еңбек етеді

Астанада «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 5 мыңнан астам оқушы мен студент жазда еңбек етеді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада «Жасыл ел» студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының 21-еңбек маусымының ашылуы салтанатты түрде атап өтілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара амфитеатрда Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, «Студенттік құрылыс және жастар жасақтарының республикалық қозғалысы» қоғамдық қорының қолдауымен өтті.

«Жобаға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жұмыс істейтіндерге 64 564 теңге мөлшерінде жалақы мен арнайы форма беріледі. Оқушылар мектеп аумағында жұмыс істеуге құқылы. Ал ересек жастар қаламыздың саябақтары мен гүлзарларында еңбек ете алады. Еңбек кодексіне сәйкес, кәмелетке толмаған балалар күніне 4 сағат, аптасына 5 күн жұмыс істей алады. Бұл жобада біз толық емес, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар мен әлеуметтік осал топтарға басымдық береміз», – деді Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілі Ерлан Айдар.Мектеп аумағында балаларға әлеуметтік педагогтар бекітілген. 

Әр мектепте 15 бала еңбек етеді. 2024 жылы «Жасыл ел» бағдарламасымен 4 000 бала қамтылды, бірақ сұраныстың артуына байланысты биыл 5 200 жұмыс орны қарастырылды.

«Бұл көпбалалы және мүгедек балалары бар отбасылар үшін үлкен көмек болмақ. Бағдарлама аясында берілетін арнайы киім балаларда қалады. Жаз соңында олар тапқан қаражатқа өздеріне қажетті заттар ала алады. Сонымен қатар балалар жаңа достар тауып, араласатын ортасы кеңейеді. Бұл – нағыз нетворкинг. Бағдарламаға қатысып өскен балалардың көбі жыл бойы волонтерлік қызметпен айналысады. Олар үшін бұл тек 4 айлық жұмыс емес. Егер көшбасшылық қабілеттері анықталса, білім, мәдениет және спорт басқармалары оларды дамыту мен әлеуметтік өсуге қосымша мүмкіндіктер ұсынады», – деді қала әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мағжан.

Іс-шара барысында концерттік бағдарлама ұсынылды. Онда қазақстандық әнші Ибрагим Ескендір, «Ерекше мерекелер» қоғамдық қорының әртістері және «BalaTime» шығармашылық студиясының тәрбиеленушілері өнер көрсетті.

«Биыл мен «Жасыл ел» бағдарламасына алғаш рет қатысып отырмын. Бұл жоба жайлы алғаш интернеттен білдім, кейін қатысуға өтінім бердім. Өкінішке қарай, кейбір жастар экологияның маңызын толық түсінбейді: көшеге қоқыс тастайды, ағаш сындырады. Осы жұмыстың арқасында біз табиғатты қорғаудың маңызын жақсырақ түсіне бастадық және өзгелерге үлгі бола аламыз. Қала тұрғындары бізге алғыс айтып, ризашылық білдіреді, бұл – біз үшін үлкен мотивация», — деді жобаның қатысушысы, 11-сынып оқушысы Жансезім Қамбар.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі