Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Форма, жалақы және еңбек тәжірибесі: Астанада 27 мамырда «JASYL EL» маусымы ашылады

Форма, жалақы және еңбек тәжірибесі: Астанада 27 мамырда «JASYL EL» маусымы ашылады
Фото: Астана қ.әкімдігі

«JASYL EL» экологиялық жастар жобасы биыл да елордадағы мыңдаған мектеп оқушысы мен студенттердің басын қосады. Жаңа еңбек маусымының ашылуы 27 мамыр күні сағат 17:00-де Амфитеатр алаңында өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бағдарлама 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және жастар арасында экологиялық мәдениетті, еңбекқорлықты, отансүйгіштікті дамытуға бағытталған. Биылғы маусымда елордада «JASYL EL» аясында 14 пен 35 жас аралығындағы 5200 қатысушыны жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Қатысушылар мына бағыттарда еңбек етеді: - орман және коммуналдық шаруашылықтарда, - мектептердің, саябақтар мен скверлердің аумағында, - жасыл желектерді отырғызу және күтіп-баптау жұмыстарымен айналысады, - сенбіліктер мен қалалық іс-шараларға қатысады. Жастарға 64 564 теңге мөлшерінде жалақы және арнайы «JASYL EL» формасы беріледі. Кәмелет жасқа толмағандар Еңбек кодексіне сәйкес, денсаулығына зиян келтірмейтіндей түрде аптасына 5 күн, күніне 4 сағаттан артық жұмыс істемейді. Жоба тамыз айында аяқталған соң, еңбек маусымының жабылу салтанаты өтеді. Онда ең үздік белсенділер мен командирлер бағалы сыйлықтармен марапатталады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді