

"Қала жастарын еңбекке баулу арқылы туған жерді қадірлеп, қастерлеуге үйретеміз. «Жасыл ел» бағдарламасы өмір сүріп жатқан ортамыздың тазалығы ғана емес, адамдар арасындағы қарым-қатынасты өзгертеді. Қаламыздың көрікті болуына тікелей үлестерін қосып жатқан жастардың еңбегі орасаң зор. Мұндай еңбек өзінің нәтижесін бермей қоймайды. Сіздер тұрғанда біздің болашағым жарқын, тынысымыз кең болады. Алдыңғы аға-буынның міндеті Сіздерді сол іске ынталандыру, жағдай жасау, қолдау көрсету", – деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.
Айта кетейік, жастардың жұмыс тобы 5 ауданға бөлініп, күніне 4 сағаттан тиімді, пайдалы жұмыстар атқарды. Оның ішінде саябақтарды жапырақтан тазартты. Ардагерлер үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Қала аумағында 14 000 көшет егіп, Абай саябағында 5 000 түп шырша отырғызды.