Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Германия Бундесратының Президенті Анке Релингер сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Германия Бундесратының Президенті Анке Релингер сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Президенті Анке Релингермен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Онда сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және энергетика, металлургия, геологиялық барлау, өнеркәсіп кооперациясы, көлік және логистика, цифрлық технологиялар және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға назар аударылды.

Қазақстан Премьер-министрі мен Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Президенті өзара сауда көлемін арттыру жоспарларын талқылады. Қазақстан – Германияның Орталық Азиядағы жетекші экономикалық серіктесі. Еліміздің үлесіне ГФР-дың Орталық Азия өңірімен жалпы саудасының 81%-ы тиесілі. Былтыр Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы 5,9%-ға өсіп, шамамен $4 млрд-қа жетті. Бұл ретте қазақстандық өнім экспорты 56,8%-ға өсіп, $1,2 млрд-ты құрады.

Кездесуде инвестициялық әріптестікке ерекше көңіл бөлінді. 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына шамамен $7,2 млрд көлемінде тікелей неміс инвестициялары салынған Оның ішінде 90%-дан астамы шикізаттық емес секторға тиесілі. Олар – өңдеу өнеркәсібі, химиялық өнімдер, құрылыс материалдары өндірісі, көлік және АӨК. Бірлескен инвестициялық портфельде бүгінде жалпы сомасы $54,4 млрд-тан асатын 65 жоба бар. Елімізде неміс капиталының қатысуымен 1100-ге жуық кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Жалпы сомасы $1,1 млрд-тан асатын 32 жоба сәтті аяқталған.

Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық қарым-қатынаста энергетика саласы маңызды рөл атқарады. Қазақстан ГФР-ға мұнай жеткізу бойынша үшінші орында тұр. Былтыр Германия 10,6 млн тонна Қазақстан мұнайын импорттаған. Келіссөздер барысында қазақстандық мұнайды ГФР-ға жеткізу көлемін арттыру перспективалары талқыланды.

Негізгі назар сутегі және «жасыл» энергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, минералды ресурстарды бірлесіп игерудегі әріптестікке, АЭА аумақтарында озық өнеркәсіптік кластерлер құруға және терең технологиялық кооперациялар жасақтауға аударылды.


«Біздің міндетіміз – еліміздің берік өнеркәсіптік іргесін қалыптастыру және экономикалық жағынан өз-өзімізді қамтамасыз етуге қол жеткізу. Біз өңдеуші секторды терең өңделген кластерлер құру арқылы жедел дамытуға баса назар аударып отырмыз. Басым бағыттарға металдарды қайта өңдеу, мұнай, газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, сондай-ақ автомобильдердің құрамдас бөліктері мен тыңайтқыштар жатады. Қазақстан германиялық бизнес үшін тартымды боларлық барлық факторларға ие. Бұл дегеніміз – әртараптандырылған энергия көздері, транзиттік және көліктік әлеует, маңызды табиғи ресурстар. Инвесторлар үшін бізде әртүрлі салықтай және кедендік жеңілдіктер қарастырылған», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өз кезегінде Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Президенті Анке Релингер Қазақстанмен сауда-экономикалық байланысты нығайтуға мүдделі екенін білдірді.

«Біз сіздің еліңізге Орталық Азиядағы біз үшін маңызды мемлекет ретінде үлкен қызығушылықпен қараймыз. Саяси диалог пен мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың оң динамикасын сақтағымыз келеді. Экономика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту – біз үшін маңызды. Қазақстанды біз ең алдымен жақсы серіктес ретінде танимыз», — деп атап өтті Анке Релингер.

Сондай-ақ сауда-экономикалық әріптестікті арттырудың негізгі факторы ретінде көлік-логистикалық өзара байланысты дамытудың маңыздылығы атап өтілді. Орта дәліз арқылы ЕО елдеріне, соның ішінде Германияға жүк көлемі былтыр 4,5 млн тоннадан асқан. Қазақстанның логистикалық әлеуетін кеңейту бүгінде бүкіл Еуропалық Одақтың мүдделеріне сәйкес келеді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық перспективалық бағыт бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту ниетін жеткізді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі