Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды нығайту туралы қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауда саласында Іскерлік кеңестің жұмысына назар аударылды, ол тау-кен, мұнай-газ және басқа да салаларда әріптестікті тереңдетудің және тәжірибе алмасудың қосымша тетігі болуы тиіс. Қазақстанда қолайлы бизнес-климат орнату үшін барлық шаралар қабылдануда.

Көлік-логистика саласындағы, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясындағы ынтымақтастық талқыланды. «Орта дәліз» бойындағы бірлескен логистикалық және инфрақұрылымдық жобалардың келешегі қарастырылды. 

Энергетика саласында инфрақұрылымға бірлескен инвестициялар тарту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және энергия тиімділігін арттыру мүмкіндіктері қаралды. Сондай-ақ су ресурстарын басқаруға да назар аударылды.

Сонымен қатар жаңа буынның цифрлық қызметтерін дамыту және ЖИ элементтерін енгізу бойынша бірлескен технологиялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

Кездесу соңында екі ел президенттері қол жеткізген нақты уағдаластықтар мен бірлескен мәлімдемелерді жүзеге асыру мәселелері ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның ерекше бақылауында болатыны атап өтілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты