Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанайда бір келіден астам мефедрон сақтаған күдікті ұсталды

Қостанайда бір келіден астам мефедрон сақтаған күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Қостанайда бір келіден астам мефедрон сақтаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қостанай облысында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемде синтетикалық есірткі затын сақтаған 35 жастағы ер адамды ұстады. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің тұрғылықты мекенжайына, жеке көлігіне және оған тиесілі саяжай учаскесіне тінту жүргізіліп, нәтижесінде бір келіден астам мефедрон тәркіленді. Жалпы саны екі мыңға жуық бір реттік доза құрайтын бұл заттарды күдікті кейін сату мақсатында сақтағаны анықталды. Сараптама тәркіленген заттың мефедрон есірткісі екенін және оның жалпы салмағы бір килограмнан асатынын растады.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері есірткінің осындай ірі көлемде жеткізілу арнасын анықтауға бағытталған жедел іс-шараларды жалғастыруда. Айта кету керек, биылғы жылдың басынан бері Қостанай облысында заңсыз айналымнан 76,3 килограмм есірткі тәркіленсе, оның 2,2 килограмын синтетикалық заттар құрап отыр. Құқық қорғау органдары азаматтарды есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Атап айтқанда есірткіні сақтау, өндіру немесе өткізу деректері үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді