Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда есірткінің ірі партиясы тәркіленді: 50 келіден астам гашиш және 700 грамм мефедрон

Алматыда есірткінің ірі партиясы тәркіленді: 50 келіден астам гашиш және 700 грамм мефедрон
Фото: Polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, күдікті азаматты ұстады. Ер адамнан ірі көлемде есірткі және психотроптық заттар тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адамды жеке тінту барысында ішінде ұнтақ заты бар байламдар табылды, ал оның тұрғылықты жерін тінту кезінде одан да көп мөлшердегі есірткі, орауыш материалдар, электронды таразылар, шыны колбалар және басқа да құрылғылар табылды. Сот сараптаманың қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 50,2 келіні құрайтын гашиш есірткі заты, сондай-ақ жалпы салмағы 700 грамм болатын мефедронның аналогы.

– Бұл биылғы жылы тәркіленген ең ірі партияның бірі. Алматы полициясы есірткі тарату арналарының жолын кесу бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда. Біз тарату желісін құру әрекетін қадағалап отырамыз. Әрбір дерек бойынша кідіріссіз шаралар қабылданып жатыр, - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев. 

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты