Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО полицейлері астаналық әйелден жарты келі синтетикалық есірткі тәркіледі

СҚО полицейлері астаналық әйелден жарты келі синтетикалық есірткі тәркіледі
Фото: polisia.kz

СҚО полицейлері астаналық әйелден жарты келі синтетикалық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі таратуға қатысы бар күдікті әйелді ұстады. 2023 жылдың желтоқсан айында олар Набережная көшесінде кетіп бара жатқан Hyundai Elantra автокөлігін тоқтатты. Көлік салонында Астана қаласының ешқайда жұмыс істемейтін 43 жастағы тұрғыны отырды. Ол Петропавл қаласында уақытша тұрып келген. Әйелден 80 түйіншек тәркіленді. Сараптама нәтижесіне сәйкес бұл зат мефедрон синтетикалық есірткісі болып шықты. Оның тұрғылықты мекенжайынан да есірткі мен буып-түю құралдары табылды.

Тәркіленген заттың жалпы салмағы 0,5 келіден асты. Бұның 247,8 грамы – мефедрон және 322,36 грамы – α-PvP есірткісі.

– Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жедел уәкілдердің ақпараты бойынша интернет-дүкендегі кураторлары күдіктіні буып-түюші ретінде Петропавл қаласына жіберген. Әйел 2 ай жұмыс істеп келген. Алынған есірткі партиясы облыста тәркіленген ең ірі синтетикалық есірткі партияларының бірі, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты