Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында тұрғынды қомақты қаржыға алдап соққан күдікті ұсталды

Алматы облысында тұрғынды қомақты қаржыға алдап соққан күдікті ұсталды
Фото: pixabay.com

Алматы облысында тұрғыннан 13 млн теңге алдап алған күдікті ұсталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары алаяқтық фактісі бойынша 31 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады және полиция бөліміне жеткізді. Тергеудің басталуына Исаев ауылы тұрғынының арызы негіз болды. Жәбірленушінің айтуынша, биылғы сәуір айында ол өзін жер телімінің иесі ретінде таныстырған бейтаныс адамға 13 миллион теңге көлемінде ақша берген. Күдікті учаскені ресми түрде рәсімдеп беремін деп уәде етіп, кейін хабарсыз кеткен. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Талдау нәтижелері көрсеткендей, жылжымайтын мүлікті сату сылтауымен жасалатын алаяқтық – кең таралған қылмыс түрлерінің бірі. Полиция тарапынан алдын алу шаралары үнемі жүргізіліп жатқанымен, азаматтар әлі де алаяқтардың арбауына түсіп отыр. Полиция тұрғындарды қырағы болуға, мәміле жасамас бұрын барлық құжаттарды мұқият тексеруге және заңды кепілдіксіз бейтаныс адамдарға қомақты қаржы беруден бас тартуға шақырады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді