Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлем чемпионатында жеңіске жеткен елордалық каратэшілерді жанкүйерлері әуежайдан салтанатты түрде қарсы алды

Әлем чемпионатында жеңіске жеткен елордалық каратэшілерді жанкүйерлері әуежайдан салтанатты түрде қарсы алды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астаналықтар 8-12 мамыр аралығында Германияның Лейпциг қаласында өткен киокушинкай-кан каратэден жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысқан спортшыларды мақтанышпен қарсы алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда елордалық спортшыларды туған-туыстары, достары, жаттықтырушылары мен жанкүйерлері еліміздің намысын әлемдік деңгейде абыроймен қорғаған жас спортшыларды қошеметпен қарсы алды.

Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үздік атанды, ал елордалық спортшылар бес медаль жеңіп алды: 

Батырхан Ратбек Батырхан (16-17 жас, 65 келіге дейін) – алтын медаль;

Амира Аққазинова (14-15 жас, 50 кг дейін) – күміс медаль; 

Мұхаммедали Қойшыбай (16-17 жас, 60 келіге дейін) – қола медаль; 

Ұлжан Рақышева (18-21 жас, 65 келіден жоғары) – қола медаль; 

Айбек Аманов (18-21 жас, 80 келіге дейін) – қола медаль.

Халықаралық турнирге әлемнің 40 елінен 900-ге жуық спортшы қатысты. Бұл жастар үшін нағыз сынақ болды. Мұндай жетістік, әсіресе осындай бәсекелестікте әлдеқайда құнды.

Жас спортшылардың осындай жетістіктері елорданың еліміздегі спортты дамытудың басты орталықтарының бірі ретіндегі әлеуетін тағы да дәлелдейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді