Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жазғы бағыттар: Қазақстанда қосымша пойыздар іске қосылады

Жазғы бағыттар: Қазақстанда қосымша пойыздар іске қосылады
Фото: temirzholy.kz

"Жолаушылар тасымалы" АҚ жазғы кезеңге 11 қосымша теміржол бағытын іске қосады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметі мәліметінше, кестеге жаңа пойыздар енгізіліп, кейбір бағыттар бойынша жүру жиілігі артады.

Маусымнан қыркүйекке дейін үш "Тальго" құрамы, бес стандартты пойыз және үш пойызға тіркемелі вагондар жүреді:

  • №253/254 "Астана – Достық" (Тальго) пойызы аптасына 2 рет қатынайды;
  • №207/208 "Алматы – Жалаңашкөл" (Тальго) пойызы белгіленген күндерде жүреді;
  • №211/212 "Алматы – Достық" (Тальго) пойызы күнара жүреді;
  • №221/222 "Алматы – Достық" пойызы аптасына 3 рет жүреді;
  • №457/458 "Семей – Достық" пойызы күнара жүреді;
  • №459/460 "Өскемен – Достық" пойызы күнара жүреді;
  • "Алматы – Достық" бағытындағы тіркемелі вагондар күнара жүреді;
  • "Қызылорда – Достық" бағытындағы тіркемелі вагондар күнара жүреді;
  • "Павлодар – Достық" бағытындағы тіркемелі вагондар күнара жүреді;
  • №201/202 "Астана – Алматы" пойызы күн сайын жүреді;
  • №203/204 "Астана – Шымкент" пойызы күн сайын жүреді.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның мәліметінше, қосымша бағыттар арқылы 270 мыңнан астам жолаушы тасымалданады деп жоспарланып отыр.

Билеттерді жолға шығуға 45 күн қалғанда bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарындағы кассалардан сатып алуға болады.

Жолаушылар үшін ақпарат алу мен кері байланысқа арналған бірнеше арна қолжетімді. Поездардың қозғалысы туралы ақпаратты tablo-railways.kz сайтындағы онлайн-тақтадан, сондай-ақ 1433 колл-орталығына немесе +7 776 714 5686 нөмірі арқылы WhatsApp чатынан білуге болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді