Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

25 қыркүйектен бастап Атырау және Маңғыстау облыстарына пойыздар қайта қатынайды.

Атырау және Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің хаттары негізінде және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімі бойынша 2020 жылғы 25 қыркүйектен бастап Атырау және Маңғыстау облыстарына жолаушылар пойыздары қатынай бастайды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

1) №37/38 «Маңғыстау – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» пойызы Маңғыстаудан 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап, Нұр-Сұлтаннан 2020 жылдың 28 қыркүйегінен бастап жөнелтіледі;

2) №41/42 «Атырау – Алматы-1» пойызы Атыраудан 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап, Алматыдан 2020 жылдың 28 қыркүйегінен бастап жөнелтіледі;

3) №47/48 «Атырау – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» пойызы Атыраудан 2020 жылдың 25 қыркүйегінен бастап, Нұр-Сұлтаннан 2020 жылдың 27 қыркүйегінен бастап жөнелтіледі;

4) №77/78 «Алматы-2 – Маңғыстау» пойызы 2020 жылдың 25 қыркүйегінен бастап Алматыдан және Маңғыстаудан жөнелтіледі;

5) №309/310 «Маңғыстау – Ақтөбе» пойызы Маңғыстаудан 2020 жылдың 25 қыркүйегінен бастап, Ақтөбеден 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап жөнелтіледі;

6) №313/314 «Атырау – Маңғыстау» пойызы Атыраудан 2020 жылдың 25 қыркүйегінен бастап, Маңғыстаудан 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап жөнелтіледі;

7) №691/692 «Ақтөбе – Атырау» пойызы 2020 жылдың 25 қыркүйегінен бастап Ақтөбеден, 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап Атыраудан жөнелтіледі.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөмірі арқылы алуға болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын онлайн, соның ішінде ресми BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы ресімдеулерін, жолаушылардан санитарлық-карантиндік талаптарды, әлеуметтік қашықтықты (кемінде 1 метр), вокзал аумағында және пойыз ішінде бетперде режимін қатаң сақтауларын сұрайды. Сондай-ақ, сапарға шығар күні билеттер болмаған жағдайда, «Күту парағы» атты тегін қызметті пайдалануға болатынын еске саламыз.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты