Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да полиция қатары 50 жаңа қызметкермен толықты

ШҚО-да полиция қатары 50 жаңа қызметкермен толықты
Фото: Polisia.kz

ШҚО-да полиция қатары жаңа қызметкерлермен толықты, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Шығыс Қазақстан облысында жас полицейлер үшін ерекше әрі толқынысқа толы күндердің бірі өтті – салтанатты ант қабылдау рәсімі. Осы күні облыстық полиция департаментінің 50 жас қызметкері Отан мен халыққа адал қызмет етуге ант беріп, құқық қорғау қызметіндегі жолдарын ресми түрде бастады. Іс-шара ел мен заң алдындағы борышты сезінудің, жауапкершілік пен сенімнің маңызын айшықтайтын тебіреністі атмосферада өтті. Салтанатты жиынға департамент басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері, тәлімгерлер, сондай-ақ жас тәртіп сақшыларының ата-аналары мен жақындары қатысты.

Жиналғандар жас полицейлердің таңдауы мен миссиясын шын жүректен мақтан тұтып, қолдау білдірді. Департамент бастығының уақытша міндетін атқарушы Алмас Төкенов жас қызметкерлерді құттықтап, олардың дайындық деңгейін, білімге құштарлығын, тәртіпке берік ұстанымын ерекше атап өтті.

- Антқа адалдық – бұл жай ғана ұран емес, бұл – өмірлік ұстаным. Ол сіздерді барлық сынақтарда жетелеп, абыройлы қызметтің жолына бағыттайды, – деді ол өз сөзінде.

Салтанат барысында мінсіз қызметімен көзге түскен 18 қызметкер алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды. Ал 8 тәртіп сақшысына кезекті арнайы шен табысталды – бұл олардың кәсіби біліктілігінің және адал еңбегінің жарқын көрінісі. Ардагерлер мен тәлімгерлер кеңесі өкілдері де өз тілектерін білдіріп, жас қызметкерлердің отбасына – олардың басты тірегі болған ата-аналары мен жұбайларына ризашылықтарын жеткізді. 

Мерекелік көңіл-күйді департамент хорының орындауындағы "Рух" патриоттық әні мен облыстық полицияның әнұраны толықтыра түсті. Бұл әндер әрбір жүрекке Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ұялатты. Ант қабылдау рәсімі – бұл жай ғана рәсім емес, бұл — ұрпақтар сабақтастығының, ел алдындағы адалдықтың, және "полиция қызметкері" деген мәртебелі атаққа деген лайықтылықтың көрінісі. Жас полицейлер үшін бұл күн қызмет жолындағы жаңа кезеңнің бастауы ретінде мәңгі есте қалмақ.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді