Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында мерекеге орай полициядағы қыз-келіншектер құрметке бөленді

Түркістан облысында мерекеге орай полициядағы қыз-келіншектер құрметке бөленді
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов полицей қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтап, ҚР ІІМ, полиция департаменті басшылығы атынан арнайы дайындалған марапаттарды табыстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПД бастығы М.Қабденов қыз-келіншектерді келе жатқан мерекемен құттықтап, тілегін жеткізді.

- Құрметті қыз-келіншектер! Сіздер қоғамымыздағы кез келген салада абыройлы еңбек етіп, елдің дамуына өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Оның ішінде ішкі істер саласындағы Сіздердің қызметтеріңізді жоғары бағалап, құрмет көрсетеміз, - деді ол. 

Сондай-ақ ішкі істер органдарында өзінің қызметтік міндеттерін адал әрі мінсіз атқарып жүрген әйел қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Атап айтсақ, ҚР ІІМ-нің "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен полиция подполковнигі Ж.Әбдібекова, полиция майоры Д.Сейдалиева, "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісімен полиция майоры Ж.Нұржігітова марапатталды. Ал ҚР ІІМ-нің алғыс хаты полиция майоры Э.Альшерова, полиция капитаны А.Құлмағамбетова, полиция ардагері А.Бекбауоваға берілді. Сондай-ақ департамент бастығының грамотасы мен алғыс хаты полиция подполковнигі М.Әбдіқадырқызы, полиция подполковнигі А.Смағұл, полиция аға лейтенанты Г.Абдужаппарова бастаған шенді аруларға бұйырды. Шара соңы өнерлі полицейлер мен облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен ұласты.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады