Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорғанда полицейлер Ұлы Отан соғысының ардагерін арнайы құттықтады

Талдықорғанда полицейлер Ұлы Отан соғысының ардагерін арнайы құттықтады
Фото: Polisia.kz

Талдықорғанда полицейлер Ұлы Отан соғысының ардагерін арнайы құттықтады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорғанда Ұлы Отан соғысының ардагері Ысқақ Құсайыновты Жеңістің 80 жылдығымен құттықтауға арналған тағылымды шара өтті. Құттықтауға арнайы келген Жетісу облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Мадияр Омаров ардагерге полиция департаментінің алғыс хатын табыстап, естелік сыйлықтар ұсынды.

Ардагердің үйі маңында ұйымдастырылған салтанатты рәсімге 5514 әскери бөлімнің оркестрі мен “Жас сақшы” кадет сыныбының оқушылары қатысты. Қолдарына “Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмытылмайды” және “Ер есімі – ел есінде” деген жазуы бар тақтайшалар ұстаған кадеттер жауынгерлік рух пен құрметтің үлгісін көрсетті. Мерекелік кештің әсерлі сәттерінің бірі домбырамен орындалған “Елім-ай” әні болды. Шара соңында барлық қатысушы ардагермен бірге естелікке суретке түсіп, жеңіс рухын ұлықтаған сәтті мәңгі есте қалдырды. Бұл тағзым — кейінгі ұрпақтың ардагерлерге деген құрметінің, ел тыныштығы үшін жанын қиған ерлерге деген мәңгілік алғысының жарқын көрінісі болды.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады