Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда ұландықтар 101 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетті

Алматыда ұландықтар 101 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетті
Фото: ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Алматыда Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында 101 жастағы майдангер отставкадағы полковник Қамбар Сәрсеновтің шаңырағына барып, ардагерді мерейлі мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшсі ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің командирі полковник Мақсат Баймағұлов бастаған ұландықтар және Ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы майор Берік Алмағамбетов Қамбар Сәрсеновтің шаңырағына арнайы барып, еселі еңбегі мен ғибратты ғұмырын айрықша атап, ардагерді биыл аталып өтетін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.

Кездесу барысында соғыс ардагері Қамбар Әмірұлына Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының  және Ардагерлер кеңесінің атынан Алғыс хат пен сый-сияпат табыстады.

- Бүгін біз Ұлы Отан соғысының ардагері Қамбар Сәрсенов ақсақалды құттықтауға келдік. Жыл сайын ардагерге құрмет көрсету біздің дәстүрімізге айналды. Біз олардың ерліктерін үлгі етіп, өскелең ұрпақты тәрбиелейміз. Өкінішке орай, ардагерлер азайып келеді. Сондықтан біз әрқашан оларды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық танытып көңілдерін аулауға тырысамыз, - деді әскери бөлім командирі полковник Мақсат Баймағұлов.

Өр рухты майдангердің терезесі астында әскери оркестр аты аңызға айналған «Жеңіс күні», «Славянмен қоштасу» марштарын, сондай-ақ «Смуглянка» және «Катюша» композицияларын орындады. Ұландықтар сондай-ақ батыр ардагердің үйінің алдынан салтанатты шерумен  жүріп өтті.Қамбар Әмірұлы әскерге 1942 жылы 12 тамызда шақырылды. Ол соғыс жылдары үш рет жараланды. Калинин облысын, Белоруссияны, Латвияны, Литваны, Польшаны азат етуге қатысты. 

Шығыс Пруссия мен Германия жерінде соғысты. Кенисбергте жаралануына байланысты демобилизацияланды.Отанға сіңірген еңбегі үшін Қамбар Сәрсенов I және II дәрежелі Ұлы Отан соғысы, II және III дәрежелі «Даңқ», «Қызыл Жұлдыз», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кенисбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» орден-медальдарымен наградталған. 1980 жылы наурызда ІІМ жүйесінде 33 жыл жұмыс істегеннен кейін зейнетке шықты. Демалысқа шыққаннан кейін де Қамбар Әмірұлы Алматы энергетика жүйесіне жұмысқа орналасты, онда тағы он сегіз жыл жұмыс істеді.Сәрсен Қамбар Әмірұлы – ҚР ІІМ, Медеу аудандық ардагерлер кеңесінің және энергетика жүйесінің құрметті ардагері.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты