Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында тонау қылмысына қатысы бар күдікті ұсталды

Түркістан облысында тонау қылмысына қатысы бар күдікті ұсталды

Түркістан облысында тонау қылмысына қатысы бар күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы Болат Худайбергенов қызмет атқару барысында түрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алып жатады. Осындай жайттың бірі облыс орталығы көшелерінің бірінде болды. Нақтырақ айтсақ, кезекшілікке түскен полиция қызметкері қоғамдық орындарға бейнебақылау камералары арқылы зерделеу жүргізіп, тұрғындар арасындағы дау-жанжалды байқап қалады. Яғни белгісіз ер адам әйелдің мойнындағы әшекей бұйымын үзіп алып, сөмкесін тартқылап жатқанын көрген. Содан бірден әрекет етіп, оқиға орнына жақын маңда жүрген полицейлерге хабар берді. Осылайша жедел әрекет нәтижесінде ішімдік ішіп, тапа-тал түсте тонау қылмысын жасаған ер адам ұсталды.

Анықталғандай, облыс орталығындағы аялдамалардың бірінде қоғамдық көлік күтіп тұрған 64 жастағы әйелге белгісіз ер адам кенеттен шабуыл жасаған. Ол жәбірленушінің қолындағы сөмкесін тартқылап, онымен қоймай әйелдің мойнындағы алқасын күшпен жұлып алып, оқиға орнынан "ізін суытпақ" болған. Десе де, камера арқылы қала тыныштығын күзетіп отырған полицей, қылмыстың алдын алып, күдікті қолға түсті. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті