Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шахматтан Қазақстан құрамасы Астанада ағаш отырғызды

Шахматтан Қазақстан құрамасы Астанада ағаш отырғызды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Ірі халықаралық шахмат турнирінен оралған қазақстандық шахматшыларды әуежайда спорт ұйымдарының өкілдері, жанкүйерлер мен туыстары салтанатты түрде қарсы алды. Ал жылы кездесуден кейін команда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысуға аттанды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы бастама аясында олар Ботаникалық баққа ағаш отырғызды.

«Еліміздің атынан халықаралық аренада өнер көрсетіп қана қоймай, еліміздің экологиялық болашағына үлес қосу – біз үшін үлкен мәртебе. Ағаш отырғызу – өсу мен күтімнің символы, ол басқаларға шабыт береді деп үміттенемін. Шахматты дамытуға күш салғанымыздай, табиғатқа қамқорлық жасау да маңызды», - деп атап өтті шахматтан әлем чемпионы, елордалық шахматшы Қазыбек Нөгербек.

20 жастағы ойыншы Үндістандағы жасөспірімдер арасындағы планета біріншілігінде ерекшеленді. Осыдан екі жыл бұрын Қазыбек Нөгербек 18 жасқа дейінгі әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.Қазақстандық шахмат құрамасының қатысушыларының бірі Әлішер Сүлейменов «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу туралы өз әсерімен бөлісті:«Ағаш отырғызу – біздің болашаққа қосқан үлесіміздің белгісі. Біздің спорттық жетістіктерімізді еселейтініміз сияқты табиғатымызды аялап, экологиямызға қамқорлық жасау да өте маңызды».

Естеріңізге сала кетейік, елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакциясы жалғасып жатыр. Ауқымды экоакция шеңберінде жасыл желектерді отырғызу, қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды және т.б. жинау жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар елордада Taza Astana жаңа әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, орамішілік және аула аумақтарының кірме топтарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жасауға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты