Елордалық спортшылар «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясына қатысты. Осы апта «Жасыл аймақ» ұранымен өтіп, ағаш отырғызуға, екпелерді ақтауға арналды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
№ 5 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аумағында спортшылар, жаттықтырушылар мен спорт ұйымдарының қызметкерлері ағаш отырғызды.
Естеріңізге сала кетейік, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріз желілері, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т. б. жұмыстар жүргізілуде.Сондай-ақ экоакцияға қатысушылар арасында фитнес-клубқа үш абонементке конкурс өткізіледі. Оған кез келген адам қатыса алады. Ол үшін Астана әкімдігінің Instagram-дағы (@akimat__astana) ресми аккаунтына жазылып, экоакциядан өз парақшасына түпнұсқа видео жариялап, онда #тазаастана, #экоакцияастана хэштегтерін белгілеу қажет (жарияланым болуы керек, stories емес).
Елордада ауқымды экологиялық жұмыстар әлі де жалғасуда.