Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанадағы экоакцияға 70 елшілік пен халықаралық ұйым қатысты

Астанадағы экоакцияға 70 елшілік пен халықаралық ұйым қатысты
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанадағы экоакцияға 70 елшілік пен халықаралық ұйым қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бұл апталық «Жасыл аймақ» ұранымен ағаш отырғызу, ақтау, т.б. шараларға арналып отыр. Экоакцияға 70-ке жуық шетелдік елшіліктер мен халықаралық ұйымдар қолдау көрсетті. Олардың арасында Жапония, Түркия, Ресей, т.б. елшіліктері ағаш отырғызып, аумақты абаттандырды.

«Қалада жұмыс істеп, тұрып жатқан уақытымда елорданың қалай дамып, көркейіп келе жатқанын көріп жүрмін. Әрбір тұрғынның тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге қалай үлес қосып жатқанын көру қуантады. Біз өз кезегімізде достарымыз бен көршілеріміз үшін өте қуаныштымыз. Сонымен, бүгін экологиялық акцияға қолдау көрсете отырып, «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіп үлгісі» деп көшет егіп жатырмыз. Осы сәтті пайдалана отырып, барлық елорда тұрғындары мен қонақтарына зор денсаулық және тамаша көктем тілеймін», - деді Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин.

Экоакцияға қатысушылар өз аумақтарын белсенді түрде көгалдандырды.

«Кең ауқымды экологиялық науқан аясында біз жасыл желектерді, атап айтқанда 25 үйеңкі көшеттерін отырғызу жұмысын жүргіздік. Айта кетерлігі, «Жасыл аймақ» апталығы 11 мамырға дейін жалғасып, ағаш отырғызу мен ақтауға арналған», - дейді өндірістік-техникалық бөлімнің бас маманы Нұрберген Нұрмұхамбет.

Естеріңізге сала кетейік, ауқымды экологиялық акция аясында қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық орындар мен аулаларды тазалау жұмыстары да жүргізіліп жатыр.Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-баптау және көгалдандыру, сауда нысандарына іргелес аумақтарды тазалау, көгалдар мен гүлзарларды ретке келтіру, рұқсат етілмеген қоқыстарды жою және т.б. жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты