Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылордада көлік басқарған жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

Қызылордада көлік басқарған жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Қызылордада көлік басқарған жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда қаласында кәмелетке толмаған бала автокөлік басқарған. Жасөспірімге екі әкімшілік хаттама және оның анасына үш әкімшілік хаттама рәсімделді. Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде жүргізілген рейд барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Daewoo автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде автокөлікті 17 жастағы жасөспірімнің басқарғаны анықталды. Ол көлік жүргізуге рұқсат беретін тиісті құжатсыз болған. Анықталған құқық бұзушылық бойынша жасөспірімге қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылды: – көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның автокөлік басқаруы; – жол қозғалысы ережесін бұзу арқылы апатты жағдай туғызу. Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасына да қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылды. Сондай-ақ кәмелетке толмаған баланы әкімшілік құқық бұзушылыққа итермелеу фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, іс сотқа жолданды.

Нәтижесінде Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен жасөспірімнің анасы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 128-бабы 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылды. Айта кету керек, бұл жыл басынан бері Қызылорда облысында тіркелген осы сипаттағы үшінші жағдай. Бұған дейін бір азамат інісіне, ал екінші азамат баласына көлік жүргізуге рұқсат бергені үшін жауапкершілікке тартылған болатын.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты