Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік тізгінін кәмелетке толмаған ұлына берген қызылордалыққа айыпппұл салынды

Көлік тізгінін кәмелетке толмаған ұлына берген қызылордалыққа айыпппұл салынды
Фото: Polisia.kz

Көлік тізгінін кәмелетке толмаған ұлына берген Қызылорда облысының тұрғынына айыпппұл салынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысы Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде түнгі уақытта полицейлер кезекті рейд кезінде жеңіл автокөлікті тоқтатып, көлік тізгінінде жасөспірімнің отырғандығын анықтады. Тәртіп сақшыларымен жүргізілген тексеру барысында жасөспірімнің анасы ұлына көлік айдауға өзі рұқсат бергендігі белгілі болды.

Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ бола тұра көлік басқарғаны үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама ресімделді. Сонымен қатар көлік құралын басқаруды құқығы жоқ адамға бергені үшін көлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соттың қаулысымен кәмелетке толмағанды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тартып, оны тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамаған жасөспірімнің анасы ҚР ӘҚБтК-нің 128-бабы 1 – бөлігі және 127-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған айыппұл салынды.

Заңды өкіл мен жасөспірім ішкі істер органдарына профилактикалық есепке алынды.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларға жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты