Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көліктің тіркеу нөмірін медициналық бетпердемен бүркемелеп, айдап жүрген жасөспірім анықталды

Атырауда автокөліктің мемлекеттік нөмірін медициналық бетпердемен бүркемелеп, айдап жүрген 16 жастағы жасөспірім анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.


4 қаңтар күні түнде патрульдік полиция қызметкерлері Владимирский-Луговой көшелерінің қиылысында мемлекеттік нөмірін медициналық бетпердемен жауып қойған “Тойота Камри” маркалы автокөлікті тоқтатқан.


Тексеру кезінде аталған автокөлікті 16 жастағы жасөспірім тізгіндегені анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) әкімшілік хаттама толтырылып, құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданып, автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.


Сондай-ақ жасөспірімге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-бөлігімен (Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргiзіп-үйренуден басқа) басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылып, 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды.


Бұдан басқа жасөспірімнің ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді