Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында полицейлер есірткі жасырып кетуші екі жас жігітті ұстады

Абай облысында полицейлер есірткі жасырып кетуші екі жас жігітті ұстады
Фото: polisia.kz

Абай облысында полицейлер есірткі жасырып кетуші екі жас жігітті ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеке тінту барысында студенттерден ақ түсті ұнтақ заты бар оқшаулағыш таспамен оралған 75 зип-пакет табылып тәркіленді. 

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жеке тінту барысында алынған заттың құрамында салмағы – 68,78 грамм мефедрон психотроптық затының аналогы, “меткатинон” психотроптық затының аналогы.

Студенттердің бірінің телефонын тексеру барысында телефонда күдікті кэш бетбелгілері бар фотосуреттер табылды, оларға сәйкес оқиға орнын тексеру барысында ақ түсті ұнтақ заты бар оқшаулағыш таспамен оралған 30 байлам табылып тәркіленді.

Сондай-ақ екінші студенттен жасырын бетбелгілердің болжамды орындары бар фотосуреттер табылды, оған сәйкес оқиға орнын тексеру барысында ақ түсті ұнтақты затпен оқшаулағыш таспамен оралған 50 байлам табылып тәркіленді. 

Сараптама қорытындысына сәйкес оқиға орындарын тексеру барысында алынған зат құрамында салмағы – 71,78 грамм мефедрон психотроптық затының аналогы, “меткатинон” психотроптық затының аналогы.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Студенттерге мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі