Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада инклюзивті спорт орталығы салынады

Астанада инклюзивті спорт орталығы салынады
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында инклюзивті спорт орталығы жайлы жазды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымға ерекше көңіл бөле отырып, елордамызды дамытуды ары қарай жалғастырамыз. Сонымен, қалада тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын, әлеуметтік нысандарды – мектептер, мемлекеттік балабақшалар, оқушылар сарайлары, қолжетімді жеңілдетілген тұрғын үйлер, медицина, спорт нысандарын және т.б. саламыз.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының басшысы Мәулен Әшімбаевпен бірге инклюзивті спорт орталығының құрылысы жүріп жатқан орында іргетасын қалау рәсіміне қатыстым. Бұл әлеуметтік маңызды нысан – бірегей жоба. Мұнда мүгедектігі бар спортшылар тек жаттығып, жарыстарға дайындалып, оңалтудан өтіп қана қоймай, өзара араласып, бір-біріне қолдау көрсете алады.

Инклюзивті спорт орталығында бочча, арбадағы футбол мен баскетбол, үстел теннисін, голбол, отырып ойнау волейболын, бейімделгіш пионербол және т.б. ойнауға арналған залдар жабдықталады. Сол сияқты орталықта мүгедек балалар мен ересектерге арналған дене шынықтыру-спорттық, оңалту қызметтері көрсетілетін болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. Балабақшалар мен мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттерін ашамыз, оңалту орталықтарының желісін кеңейтеміз, инватакси санын арттырамыз, жаңа қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды, жаяу жүргіншілер тротуарлары мен жолдарды абаттандыру кезінде алдымен адамдардың барлық санатының қызығушылығын ескереміз және т.б.», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты