Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Степногорскіде фитозертхана анықталды: көрші мемлекеттің азаматы ұсталды

Степногорскіде фитозертхана анықталды: көрші мемлекеттің азаматы ұсталды
Фото: Polisia.kz

Степногорск қаласында есірткі зертханасы анықталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көліктегі полиция қызметкерлері есірткі өсірумен айналысқан ер адамды ұстады. 5 ақпанда көліктегі полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Көкшетау көлік прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ресей Федерациясының 37 жастағы азаматын ұстады. Ол өзінің пәтерінде марихуана өсіретін жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырған. Аталған пәтерде оның бес баласы да тұрған. Тінту барысында өсімдіктерді өсіруге арналған фитошамдар, желдеткіш құрылғылар және басқа да техникалық жабдықтар, тыңайтқыштар мен химиялық реагенттер,  есірткіге ұқсас заты бар пластикалық ыдыс, марихуананың ерекше иісін шығаратын бұталар, тұқым салынған пакеттер тәркіленді. Медициналық сараптама нәтижесінде ұсталған азаматтың каннабиноидтар қолданғаны расталды. Ол Telegram арқылы марихуана тұқымдарын тапсырыс беріп, пошта арқылы алғанын және үй жағдайында жылыжай ұйымдастырғанын мойындады. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді