Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлттық ұлан ардагерлері арасында шаңғы тебуден марафон өтті

Ұлттық ұлан ардагерлері арасында шаңғы тебуден марафон өтті
Фото: Polisia.kz

Астана қаласының Орталық мәдениет және демалыс паркінде ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығы ардагерлерінің денсаулықты нығайтуға арналған марафоны өтті, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара “Ұлы Жеңіске 100 күн” акциясы аясында ұйымдастырылды. Бұл акция 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналды. Спорттық мерекені Ардагерлер кеңесі ұйымдастырды және оны отставкадағы полковник Григорий Григорьянц басқарды. Бұл марафон ардагерлерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Жарысқа10-нан астам ардагер қатысты. Олардың арасында тек әскери зейнеткерлер ғана емес, сонымен қатар олардың балалары да болды.

Марафонның басты критерийі тек қатысу болғандықтан, олар уақытқа жарыспады, тек өздері үшін шаңғымен серуендеді. Кейбіреулері жай ғана парк ішін аралап, көктемгі таза ауаны жұтып, табиғаттың сұлулығына тәнті болды. Марафонның төрешісі отставкадағы полковник Жанболат Ахметовтің айтуынша, осындай спорттық кездесулер ардагерлерді бір-біріне жақындатып, спортты және белсенді демалысты насихаттайды. Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға Ардагерлер кеңесінің атынан грамоталар табысталды.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды