Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда ұландықтар күдікті азаматты қолға түсірді

Алматыда ұландықтар күдікті азаматты қолға түсірді
Фото: polisia.kz

Алматыда ұландықтар күдікті азаматты қолға түсірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қала көшелерін патрульдеу кезінде өзін күдікті ұстаған адамды байқаған.

5 шілдеде сағат 22.35-те Алмалы ауданында патрульдік-бекеттік қызмет атқару кезінде әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Нұрдос Қосыбай патрульдік қатардағы жауынгерлер Бекзат Ғабдулла мен Еркебұлан Шакманмен бірге күдікті азаматты тоқтатты.

Құжаттарды тексеру барысында ер адамның біртүрлі әрекетін байқайды. Осыдан кейін олар полиция қызметкерлерін азаматты ұстау орнына шақырды.

– Сыртқы тексеру кезінде полицейлермен бірге біз пакеттен арнайы иісі бар өсімдік тектес затты тауып алдық, – дейді қатардағы жауынгер Нұрдос Қосыбай.

Әрі қарай, құқық бұзушы полиция бөліміне одан әрі тексерілу үшін жеткізілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады