Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ТМҚ өңдеуге жеңілдетілген лицензияны енгізу мәселесін қарастырады

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ТМҚ өңдеуге жеңілдетілген лицензияны енгізу мәселесін қарастырады
Фото: primeminister.kz

ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында Қазақстанда жинақталған техногендік-минералдық қалдықтармен (ТМҚ) проблеманы шешу бойынша жоспарланған шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерсайын Нағаспаевтың сөзінше елімізде жалпы массасы 55  млрд тоннаны құрайтын 1700-ден астам техногендік-минералдық қалдықтар тіркелген. Олардың негізгі бөлігі – Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстарында орналасқан. Сондай-ақ 67%-дан астамы бөлу балансын жүргізуді талап етеді. 

«Бүгінде сирек металдар және сирек жер металдары саласын дамытудың кешенді жоспары аясында жол картасы әзірленіп, инвентаризациялау жұмыстары басталды. Осы жұмыстар техногендік-минералдық қалдықтарды бағалауға, өңдеуге және экологиялық жобаларға инвестиция тартуға мүмкіндік береді», — деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі.

Қазақстанда техногендік-минералдық қалдықтарды өңдеу деңгейі шамамен 11%-ды  құрайды, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 70-80%-ға жетеді. Қазірдің өзінде мыс, алтын, темір және басқа да шикізатты өндіру кезіндегі қалдықтар қайта өңделіп жатыр.

Мысалы, Ұлытау облысындағы Коунрад компаниясы өз кен орнының техногендік қалдықтарын пайдаланып, жылына 12 мың тонна мыс өндіреді – бұл еліміздің бүкіл мыс өнеркәсібінің шамамен 3%-ын құрайды. Соңғы екі жылда қалдықтарды қайта өңдеуге арналған жалпы сомасы 48 млрд теңге болатын 3 жоба іске қосылды. Алдағы екі жылда құны 37 млрд теңге болатын 4 жоба іске асырылады. 

Сонымен қатар қазіргі таңда өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеуге арналған 330 млрд теңге болатын 25 жоба іске асырылуда. Оның ішінде бүгінгі күні 133 млрд теңге болатын 8 жоба іске қосылды. Осы жылы 110 млрд теңге болатын 7 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. 

«Жүзеге асырылып жатқан жобалар экологиялық жағдайды жақсартуға және саланың экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Техногендік-минералдық қалдықтар мәселесін шешу және арнайы өндеу орындарына жеткізу үшін заңнамалық нормалар әзірленіп жатыр. Бұл әсіресе экологиялық проблемасы бар моноқалалар үшін өте маңызды. Бүгінде Министрлік техногендік-минералдық қалдықтарды өңдеуге арналған арнайы лицензия енгізу мәселесін қарастыруда. Осы ұсынылған шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға, сондай-ақ өндірісте жаңа шикізат көздерін пайдалануға мүмкіндік береді», — деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты