Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті құрықталды

Түркістан облысында бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті құрықталды
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында полиция бұрынғы соттылығынан нәтиже шығармай, 3 рет пәтер ұрлығын жасаған жас жігітті ұстады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ордабасы ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның үйіне ұры түсіп, бағалы заттарын қолды қылған. Яғни алтын жүзік, күміс білезігі мен Samsung А16 телефонын жымқырып, жалпы құны жарты миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Аталған жайт тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Ауданның криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікке жас жігіт ұсталды. Тексеру барысында оның ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша 3 жылға сотты болып, 2024 жылы шартты түрде босап шыққаны анықталды. Күдіктінің бұдан бөлек екі пәтер ұрлығына қатысы бар болып шықты. Айғақты заттар толығымен алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады