Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда облысында 25 рет пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды

Қызылорда облысында 25 рет пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Облыс тұрғындарының үйіне ұрлыққа түсуді кәсіп етіп, табыс көзіне айналдырып келген пәтер ұрысы құрықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын – 19 млн теңге, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде әккі ұры Жаңақорған ауданында кезекті пәтер ұрлығын жасау кезінде қолға түсті. Күдікті үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерді күштеп ашу арқылы үй ішіне заңсыз кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған.

Ұрлықты тұрақты кәсіпке айналдырған азамат Түркістан облысы Қазығұрт ауданының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де айғақ заттар заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Тергеу барысында аталған күдікті облыс аумағында 25 пәтер ұрлығын жасап, жәбірленушілерге 19 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтіргендігі анықталды.

Қазіргі уақытта полицейлер пәтер ұрысының облыс көлемінде жасалған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріп жатыр. Тергеп-тексеру әрекеттері жалғасуда. Күдікті қамауға алынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді