Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бекболат Молдабеков Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

Үкімет қаулысымен Бекболат Серікұлы Молдабеков Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Үкіметтің Telegram-арнасы. 

"Қазақстан республикасы үкіметінің қаулысымен Бекболат Серікұлы Молдабеков Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген Үкімет хабарламасында. Айта кетейік, Бекболат Молдабеков еңбек жолын "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-да жобалық кеңсенің талдаушысы ретінде бастаған. Кейіннен Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Ақпараттандырудың жаңа моделін дамыту және нормативтік-техникалық құжаттаманы сараптау басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2017 жылы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаментінің Ақпараттандыру және нормативтік-техникалық құжаттаманы сараптау жаңа моделі басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті Ақпараттандыру және нормативтік-техникалық құжаттаманы сараптау жаңа моделі басқармасының басшысы болып жұмыс істеп, кейін Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Цифрландыру департаменті директорының орынбасары болды.

Министрліктің қайта құрылуына байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде осындай лауазымға ие болды. 2020 жылғы 23 желтоқсаннан 2021 жылдың тамыз айына дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық шешімдер департаментінің директоры қызметін атқарды. Ал осы уақытқа дейін Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарып келді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда