Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында су тасқыны қаупі жоғары аумақтағы елді мекендерге бақылау күшейтілді

Қарағанды облысында су тасқыны қаупі жоғары аумақтағы елді мекендерге бақылау күшейтілді
Фото: primeminister.kz

Қанат Бозымбаев Қарағанды облысының көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді. Жұмыс сапары барысында вице-премьер су тасқыны қаупі бар аумақтарды аралады. Бұқар Жырау, Шет және Абай аудандарының елді мекендері, сондай-ақ Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің арналары, Самарқанд және Шерубай-Нұра су қоймалары зерттелді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде су тасқынына қарсы 180 іс-шара өткізілді. 65 км қорғаныс бөгеттері мен біліктері тұрғызылып, нығайтылды, өзендер арналарының 18 км астам су тасқыны қаупі бар учаскелеріне санация жүргізілді, 26 км дренаждық және су бұру жүйелері тазартылды. Автомобиль жолдарының 75 учаскесінде су өткізу қабілеті артты. 

Облыс бойынша су тасқыны қаупі жоғары 150 елді мекен ерекше бақылауға алынды. 217 су шаруашылығы құрылыстары бақылауда. 

Аймақ бойынша жағдай тұрақты, өзендер қысқы режимде, су деңгейінің төмендігі және судың аздығы байқалады. 1 наурыздан бастап жағдайды бақылау үшін жоғары дайындық режимі енгізіледі.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, көктем ерте келіп, күн күрт жылынады деп күтілуде. Біз ТЖ министрі Шыңғыс Әріновпен бірге су тасқыны қаупі бар өңірлерді аралауды бастаймыз. Бұл жұмыс Қарағанды облысынан басталды. Су тасқыны қаупі бар бірқатар елді мекендерге бардық. Бұқар Жырау және Қарқаралы аудандарында қар деңгейі нормадан жоғары. Шет ауданына келетін болсақ, қар нормадан төмен, ылғал қоры да қалыпты деңгейде. Топырақтың қатуы өткен жылмен салыстырғанда төмен. Осы жерде қажетті жұмыстардың жүргізілгендігіне көз жеткіздік. Бірақ дайын болу керек. Болжам бойынша жауын-шашын көп түсіп, күннің жылынуы күтілуде», — деді Қанат Бозымбаев. 

Қарағанды облысының әкімдігіне жағдайды күнделікті бақылау және барлық күш пен техниканы дайындыққа келтіру тапсырылды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты