Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде жол ережесін 200 реттен астам бұзған екі жол талғамайтын көлік анықталды

Ақтөбеде жол ережесін 200 реттен астам бұзған екі жол талғамайтын көлік анықталды
Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде жол ережесін 200 реттен астам бұзған екі жол талғамайтын көлік анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кейбір жүргізушілер шетелдік немесе транзиттік нөмірлері бар көліктер бейнебақылау камераларына тіркелмейді деп ойлайды. Алайда бұл – қате түсінік. Заманауи камералар мен “Автоураган-МС” мобильді кешендері шетелдік нөмірлері бар автокөліктердің де жол ережесін бұзғанын анықтай алады. Мысалы, Ақтөбеде мобильді аппараттық-бағдарламалық кешендердің көмегімен жол ережесін 200-ден астам рет бұзған екі Lexus жол талғамайтын көлігі анықталды. Оның бірі алты ай ішінде 94 рет ереже бұзып, жалпы сомасы 3,2 миллион теңгеден астам айыппұл жинаған. Ал екінші көлік жыл басынан бері 126 рет заң бұзып, 4 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Жүргізушілерге қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, көліктер коммуналдық тұраққа қойылды. Аймақта жұмыс істеп тұрған мобильді кешендер жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға көмектеседі.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді