Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық жеңіл атлеттер Азия чемпионатында 6 алтын жүлдені жеңіп алды

Астанадағы жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионатының соңғы күні қазақстандық спортшылар 5 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды kazlenta.kz Cпортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеп.

Әуелі әйелдер арасында биіктікке секіру сайысында барлық медальді Ұлттық құрама спортшылары иеленді. Надежда Дубовицкая алын алса (1.89 метр), Кристина Овчинниковаға күміс (1.89 метр, мүмкіндік саны жағынан есе жіберді), Елизавета Матвееваға (1.84 метр) қола медаль бұйырды. Бір қызығы, мұндай жайт сары құрлық додасында алғаш рет болып отыр.

Осыдан кейін эстафетада (4*400 м) қос Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды.

Құрамында Аделина Земс, Александра Залюбовская, Кристина Кондрашева мен Элина Михина бар әйелдер құрамы мен Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Вячеслав Земс пен Михаил Литвиннен жасақталған ерлер құрамасы алтын алды. Ерлер құрамсының 3:09.15 секунд нәтижесі жаңа ел рекорды екенін айта кетейік.

Сондай-ақ Шэдрак Кимутай Коеч 3000 метрге жүгіруде 7:59.84 нәтижесімен 3-орын алды. Ал күннің нүктесін Давид Ефремов жақсы қойды. Ол 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруде жабық кешендегі Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Уақыт көрсеткіші: 7.65 секунд.

Осылайша, Ұлттық құрама бұл бәсекеде 6 алтын, 3 күміс пен 3 қола медальге ие болды.




скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді