Евгений Федоров Азия ойындарының чемпионы болды. Ол алтын жеңіп алды. Сонымен қатар тас жолдағы веложарыстың топтық сайысында ұлттық құрама спортшысы Алексей Луценко күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Тас жолдағы веложарыстың топтық сайысында ұлттық құрама спортшылары Евгений Федоров алтын, Алексей Луценко күміс медаль жеңіп алды.
"Бүгін еліміздің велоспорты үшін айтулы күн. Велошабандоздарымыз жоғары деңгей көрсетті. Евгенийді Азиаданың алтын медалімен құттықтаймын",- деп атап өтті ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.