Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Премьер-министрдің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев БАӘ-де өткен Дүниежүзілік үкіметтік саммитке қатысты

Премьер-министрдің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев БАӘ-де өткен Дүниежүзілік үкіметтік саммитке қатысты
Фото: primeminister.kz

2025 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік үкіметтік саммитіне қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Саммит аясында Ғалымжан Қойшыбаев «Қозғалмалы прогресс: тұрақты елдерді қалыптастырудағы мемлекеттік басқарудың тиімділігі» тақырыптық сессиясында сөз сөйлеп, онда мемлекеттік институттарды дамытудағы цифрлық трансформацияның шешуші рөліне тоқталды.

«Жылдам өзгеретін әлемде сын-қатерлерге тез бейімделіп, мемлекеттік қызметтерді тиімді көрсете білу және қоғамның сенімін сақтап қалу өте маңызды мәселеге айналуда. Қазақстанның тәжірибесі көрсеткендей, цифрлық трансформация мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың негізгі факторы болып саналады. Бүгінде біз озық бағдарламалық жасақтама, жасанды интеллект, иммерсивті технологиялар, кванттық есептеу, робототехника және биоинженерияны қамтитын технологиялық революцияны көріп отырмыз», — деп атап өтті ол. 

Сапар барысында Ғалымжан Қойшыбаев БАӘ Министрлер кабинеті істері жөніндегі министрі Мұхаммед Абдалла Әл-Гергавимен келіссөздер жүргізді. Екіжақты серіктестіктің қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды. Мемлекеттік басқаруды дамыту және жаңғырту саласындағы бұрын қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыруға ерекше назар аударылды, оның аясында Қазақстан Үкіметінің Аппараты БАӘ Үкіметтік тәжірибе алмасу кеңсесімен өзара іс-қимыл жасайды.

Ынтымақтастық басталғаннан бері ондаған қазақстандық мемлекеттік қызметшілер басқарудың озық әдістеріне оқытылды. Адами әлеуетті дамыту, цифрлық трансформация, жасанды интеллектті қолдану, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және т.б. бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Үкіметтік акселераторлардың (Government Accelerators) тәжірибесін зерделеп, озық әдістемелерді енгізіп жатыр.

Мұндай платформалар шеңберінде халықаралық өзара іс-қимыл мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға және қазақстандық шешімдерді жаһандық деңгейде ілгерілетуге ықпал етеді. 2024 жылы қазақстандық «Отбасының цифрлық картасы» жобасы БАӘ-дегі Дүниежүзілік үкіметтік саммитінде «Инклюзивті цифрлық трансформация» санатында 1300 өтінімнің арасында ең үздік деп танылды.

Шараға бірнеше ел үкіметтерінің басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік басқару саласындағы жетекші сарапшылар, сондай-ақ 100-ден астам елден келген делегациялар қатысты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты