Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысында Қазақстан-Түрікменстан ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары қаралды

Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысында Қазақстан-Түрікменстан ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары қаралды
Фото: primeminister.kz

Биылғы 2 қазанда Ашхабад қаласында Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Батыр Атдаевтың төрағалығымен Экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақ-түрікмен үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар 2023 жылғы мамыр айында Астанада өткен комиссия отырысы шеңберінде қаралған мәселелер бойынша пікір алмасты. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты, өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, қаржы, білім беру және мәдениет салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту перспективаларына назар аударылды. Екі елдің мұнай-газ саласындағы жақындасу мүмкіндіктері мен өңіраралық ынтымақтастық мәселелері ерекше атап өтілді.

Ғалымжан Қойшыбаев Комиссия жұмысы, бірінші кезекте, алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерге мұқият дайындық жүргізуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Тараптар қабылданған шешімдер өзара іс-қимылдың барлық бағыты бойынша екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты