Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-да полиция есірткі жеткізу арнасын жойды

БҚО-да полиция есірткі жеткізу арнасын жойды
Фото: Polisia.kz

БҚО-да полиция есірткі жеткізу арнасын жойды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыс прокуратурасының үйлестіруімен Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына есірткі жеткізу арналарын жойды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе қаласында Toyota автокөлігі тоқтатылды. Оның ішіндегі такси жолаушысын тінту кезінде ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдік зат салынған сөмке табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес бұл зат салмағы 10 келі шамасында кептірілген марихуана болып шықты. Ұсталған 35 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ Ақтөбе қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 30 жастағы Орал қаласының тұрғыны ұсталды. Ол синтетикалық есірткілердің облысаралық жеткізілуін ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Полиция қызметкерлері оны есірткі жасырып жатқан кезде ұстады. Оны жеке тінту кезінде әрқайсысында 25 шағын түйіншегі бар екі ірі орама табылды.

Оқиға орнын тексеру кезінде полиция қызметкерлері үш үлкен орама тауып, оның ішінен 60 түйіншек шықты, олардың барлығы ерекше иісі бар ұнтақ затпен толтырылған. Күдіктінің Ақтөбе қаласында жалға алынған пәтерін тексеру кезінде ішінде есірткі заты бар 22 зип-пакет және есірткі орау үшін қолданылатын зип-пакеттер, фольга және изолента табылды.

Барлығы есірткі заты бар 132 түйіншек тәркіленді, бұл қылмыстық әрекеттің ауқымды екенін растайды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті облыс аумағында есірткі құралдарының заңсыз айналымын тоқтату бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты