Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде есірткі сатушылардан 77 кг марихуана тәркіленді

Ақтөбеде есірткі сатушылардан 77 кг марихуана тәркіленді
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері оңтүстік өңірден есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

– Ақтөбеде қала тұрғыны тізгіндеген Toyota Alphard автокөлігі тоқтатылды. Көлікті тінту кезінде жүксалғышта өсімдік тектес, жасыл түсті, ерекше иісі бар зат салынған және скотчпен оралған алты полимерлі қап табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 57,5 кг марихуана екені анықталды, – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Ары қарай жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тағы бір күдікті ұсталды. Оның гаражынан өсімдік тектес заттар бар екі үлкен қара пакет табылып, тәркіленді. Тәркіленген зат салмағы 20 кг болатын марихуана болып шықты.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес екінші күдікті ұсталған сәтінде есірткілік масаң күйде болған.

Жалпы салмағы 77 кг-нан асатын бұл есірткілерді аталған адамдар өңірге жеткізіп, кейіннен сату мақсатында сақтаған.

– Қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтау бойынша шаралар жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында жасалған осы қылмыс үшін ұсталғандарға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, – деді Әмірханов.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты