«Жайлы мектеп» жобасы – балалардың қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келетін жағдайларда өсуіне, білім алуына және табысқа жетуіне мүмкіндік беретін Қазақстанның болашағына арналған инвестиция. Астана қаласындағы №33 орта мектептің директоры Дана Оразалина «Жайлы мектеп» жобасы туралы пікірін ортаға салды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спикердің айтуынша, осы үдеден шығу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үркер тұрғын алабының балаларына заманауи мектеп салынған.
«Біздің мектеп 2 мың оқушыға арналған. Сапалы білім беру үшін барлық жағдай жасалған: заманауи жабдықталған кабинеттер, зертханалар, оқу залы бар кітапхана, телестудия, кең асхана, 4 дене шынықтыру залы бар. Қазіргі уақытта мектепте 60-тан астам педагог жұмыс істейді, 900-ден астам бала оқиды», - деді Дана Оразалина.
Бір ауысымда жұмыс істейтін бұл мектептің ерекшелігі – үйірмелер мен шығармашылық секциялар түрінде қосымша білім беруді жүзеге асыру мүмкіндігінің жоғарылығы. Яғни кітап оқу үйірмесі, домбыра үйірмесі, шахмат, спорт секциялары, пәндер бойынша қосымша сабақтар да қарастырылған. Қазіргі уақытта бұл қызмет түрлерін ұжым қызметкерлері жан-жақтан келген балаларды қолдау және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатымен тегін жүзеге асырып отыр.
«Бүгінде мектепте ата-аналарды қолдау орталығы да ашылды. Қолдау орталығының атауы «Даналық мектебі» деп аталады. Онда ата-аналарға әртүрлі психологиялық көмек көрсетіледі. Қазіргі мектептердің басты проблемасының бірі – ата-аналар қауымдастығымен қарым-қатынастың нашарлығы, мектепке деген сенімсіздік, көпшіліктің мұғалімдерді жаппай айыптауы мәселелері болып отыр. Орталық осы мәселелерді ата-аналармен бірлесе шешуге ұмтылыс жасайды. Оған қоса әр сенбі сайын «Директорлық сағат» деп аталатын қабылдау жүргізіледі. Онда жұмыстан қолы тимейтін, қалада жұмыс істейтін ата-аналарға жеке кеңес беріледі», - деді Дана Оразалина.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно