Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: елордада қарт кісілердің ауласының қарын күреу акциясы өтті

«Таза Қазақстан»: елордада қарт кісілердің ауласының қарын күреу акциясы өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада қыстыгүні қар мол жауады. Мұндай күндері жер үйде тұратын қарт кісілерге қиын. Оларға көмектесу үшін Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Сарайшық ауданы әкімдігімен бірлесіп, «Таза Қазақстан» акциясы аясында зейнеткерлердің ауласының қарын күреу шарасын өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараны ұйымдастырушылар Сарайшық ауданының қарт тұрғындарын аралап, аулаларының қарын күреді.

«Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шарбақты көшесінің бойындағы аулаларды қардан күреу арқылы қарттарға көмек көрсетілді. Басқа бөлімшелердегі әріптестерімізді акцияға қосылып, қарт азаматтарға қолдау көрсетуге шақырамын», - деді №23 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Манас Қадырбаев.

Аудан тұрғыны қар күреуге көмектескен қызметкерлерге алғыс білдірді. Қар күреу қарт кісілер үшін оңай шаруа емес, сондықтан мұндай көмекке үнемі қуанып қалады.Естеріңізге сала кетейік, Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакциясы өтіп жатыр. Жастардың, үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері, мәдениет және спорт қайраткерлері ауа райының қолайсыз кезінде мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, ыстық шай мен бауырсақ таратып, қар күрейді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті