Елордалық спортшылар арнайы ұйымдастырылған «Тәуелділікті спортқа айырбаста» атты акция аясында қала тұрғындарына электронды темекіні спорттық құрал-жабдықтарға айырбастауды ұсынды, деп хабарлады kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Іс-шара Есіл ауданы әкімдігінің, Дене шынықтыру және спорт басқармасы және танымал спортшылардың қолдауымен ұйымдастырылды.Акция аясында астаналық спортшылар қала тұрғындарына электронды темекіні спорттық құрал-жабдықтарға айырбастауды ұсынды. Олардың қатарында елорданың аралас жекпе-жектен (ММА) және грэпплингтен спорт шебері Нұрлан Карабалин болды.«Акция аясында біз темекі және вейп шегетін жастарға қолдарындағы зиянды заттарын футбол добына, теннис ойынына арнайы сертификат, басқа да жабдықтарға айырбастауды ұсындық. Осы арқылы жастарды, қала тұрғындарын бос уақытын тиімді өткізуге, денсаулықтарын күтуге үгіттейміз. Бұл іс-әрекетіміз өз жемісін береді деп сенемін», - деді аралас жекпе-жектен (ММА) және грэпплингтен спорт шебері Нұрлан Карабалин.Айта кетейік, мұндай акция Астана қаласында тұрақты түрде жүргізіліп келеді.Аталған акцияны Нұржан Батырбеков, Айтым Жакупов, Василий Тахтай, Әлихан Асубаев сияқты танымал спортшылар қолдап, жастармен бірлесіп, елорда көшелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатын.28-01-2025, 15:51
«Тәуелділікті спортқа айырбаста»: Астанада ерекше акция кезекті рет ұйымдастырылды
Фото: Астана қ.әкімдігі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз