Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Тәуелділікті спортқа айырбаста»: астаналықтар темекі мен вейп өнімдерін спорттық тауарға ауыстырды

«Тәуелділікті спортқа айырбаста»: астаналықтар темекі мен вейп өнімдерін спорттық тауарға ауыстырды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Акция аясында елордалық спортшылар өтіп бара жатқандарға электронды темекіні спорттық құрал-жабдықтарға айырбастауды ұсынды. Іс-шара Алматы ауданы әкімдігінің, Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Акция аясында астаналық спортшылар қала тұрғындарына электронды темекіні спорттық құрал-жабдықтарға айырбастауды ұсынды. Олардың қатарында елорданың Жастар мәслихатының депутаты, Қазақстандық спортшылар одағының мүшесі Нариман Секен, Астана қаласының аралас жекпе-жек (ММА) бойынша аға жаттықтырушы, Аралас жекпе-жектен (ММА) және грэпплингтен спорт шебері Нұрлан Карабалин болды.

«Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қоғамдық маңызы зор акция өткізілді. Оның аясында біз темекі және вейп шегетін жастарға қолдарындағы зиянды заттарды бокс қолғабына, теннис жиынтықтарына, басқа да жабдықтарға айырбастауды ұсындық. Осылайша, біз елордалықтарды салауатты өмір салтына шақыра отырып, дені сау ұрпақ қалыптастыруға атсалысамыз», - деді жастар мәслихатының депутаты, Қазақстандық спортшылар одағының мүшесі Нариман Секен.«Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қоғамдық маңызы зор акция өткізілді. Оның аясында біз темекі және вейп шегетін жастарға қолдарындағы зиянды заттарды бокс қолғабына, теннис жиынтықтарына, басқа да жабдықтарға айырбастауды ұсындық. Осылайша, біз елордалықтарды салауатты өмір салтына шақыра отырып, дені сау ұрпақ қалыптастыруға атсалысамыз», - деді спортшы.

Іс-шараның ұйымдастырушыларының бірі ретінде «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының NEET санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің маманы Сұлтан Өмірғалиев мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, жастарды спортпен айналысуға шақырды.

«Осы акция арқылы біз жастарды спортпен шұғылдану, денсаулықтарына көңіл бөлу керегін көрсетіп, дұрыс жолға салғымыз келеді», - деді маман.

Айта кетейік, аталған акцияны Нұржан Батырбеков, Айтым Жакупов, Василий Тахтай, Әлихан Асубаев сияқты танымал спортшылар қолдап, жастармен бірлесіп, елорда көшелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты