«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты экологиялық акция аясында Астананың орталық саябағында «Plogging және спорттық бағдарлау» жарысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Акцияның ерекшелігі – жас спортшылар жарыс барысында жол бойындағы қоқысты жинауға мәжбүр болды. Әр команда 4 қатысушыдан тұрды: 10-14 жас аралығындағы 2 ұл және 2 қыз. Қатысушылардың бәрі қоқыс дорбалары мен қолғаптармен жабдықталған.
Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар денсаулықты жақсартуға ықпал ететініне және сонымен бірге қоршаған ортаны тазартуға үлкен үлес қосатынына сенімді.
Өскелең ұрпақты қоршаған ортаға байыппен қарауға үйрететін және қарапайым экологиялық әдеттерді бойына сіңіретін акция Астананың спорттық бағдарлау федерациясымен, балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығымен бірлесіп, Астана қаласының білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Жарысқа елордалық мектептерден барлығы 31 команда қатысты.1-орынды К.Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясының командасы иеленді.2-орын – А.Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының қатысушылары.3-орынды бірден төрт команда иеленді: №53 мектеп-лицейі, Д.Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейі, А.Әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицей, №21 орта мектеп.Жеңімпаздар дипломдармен, ал қатысушылар сертификаттармен марапатталды.