Алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен: еліміздің солтүстік бөлігінде қар, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болжанып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz.
30 қарашада және 1 желтоқсанда оңтүстікте және оңтүстік-шығыста, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады деп болжануда.
Тек еліміздің батысында жоғары атмосфералық қысымның аясында, айтарлықтай жауын-шашынсыз тыныш ауа-райы басым болады. Республика бойынша тұман мен желдің күшеюі күтілуде.
Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.